Главная | Регистрация | Вход | RSSСб, 21.Июн.2025, 17:16

Школа имени К.Д.Ушинского


 
Меню сайта
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 24
Block title
http://aocnit.kz/index.php?module=voting&do=more&id=1 Голосуйте Средняя школа им. Ушинского (Карасайский район) -//ushinski.ucoz.org/
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Педкеңес өткізу іс тәжірибесінен
Тақырыптық педкеңес жүргізу әдістемесінен
Педкеңес халықаралық «Тәй-тәй»( “STEP BY STEP”) бағдарламасының жаңашыл технологияларын қолдану арқылы жүргізілді.
Қарасай ауданы Ушинский атындағы орта мектепте
«Оқыту сапасын қалай көтеру керек?» тақырыбында өткен педагогикалық кеңес-тренинг.
Мақсаты: 2009-2014 жылдарына арналған оқыту концепциясын жасау;
Оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасау;
Міндеттері: Мектеп бітірушінің қандай болғанын қалаймыз және оның
концепциясын жасау;
Мектептің оқыту сапасын арттырудың стратегиялық жоспарын
жасау;
Педагогикалық кеңес-тренингтің бағдарламасы
15 мамыр 2009 жыл
1. Кіріспе:
а) сапалы білім берудің маңызы;
2. Мектептегі оқыту сапасының анализі:
а) ұстаздардың сапалық құрамы;(шығармашалықпен жұмыс істейтіндер пайызы, «сабақ берушілер» пайызы, оқытудың талаптарын меңгермегендер, бірақ талпыныспен жұмыс істейтіндер, талабы жоқ ұстаздар пайызы.)
ә) оқытудың жаңа технологиясын қолдану сапасы;
б) материалдық-техникалық базаның жағдайы;
в) қосымша білімдердің(үйірмелер,таңдау курстары т.с.) оқытылу сапасы;
Директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары алдын ала дайындалған кесте арқалы мағлұмат береді(әрқайсысы 1-2 минуттан).
3. Мектеп бітіруші түлектің концепциясы.(Сіз мектеп бітірген түлектің қандай болғанын қалайсың? Тренинг)

4. Мектептің оқыту сапасын арттырудың стратегиялық жоспарын жасау.
5. Оқушылардың талап-тілектері және оқытуда не маңызды?
6. Мектептегі оқытудың мықты,әлсіз және қатерлері жақтарына анализ жасау,мүмкіншіліктерді анықтау;
7. Оқытудың ең маңызды бөлімдерін анықтау.
8. 2009-2014 жылдардағы оқытуды дамыту концепциясын жасау.
9. Оқытудың сапасын арттыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
10. Осы мақсаттарды жүзеге асыру бағдарламасы мен жоспарын жасау.
Педкеңеске дайындық жыл бойында жүргізілді. Педкеңес өткізу барысында, оқу жылының соңында оқыту және оқушылардың білім сапасына анализ жасай келе, мектеп ұжымының әрбір мүшесі өз ойын, өзінің пікірін, ұсынысын ортаға салып, «барлық мүмкіншіліктерді пайдаланып оқу сапасын қалай көтереміз?»- деген сұраққа жауап іздеуге және оны жүзеге асыру жолдарын анықтауға мүмкіншілік жасалды.
Өткізілу барысы:
Мектеп ұжымын 5 жұмыс тобына бөлу мақсатында халыққа кең таралған әндердің аты жазылған карточкалар таратылды. (карточкалар саны ұжымдағы мұғалімдер санына сәйкес және әр ән жазылған карточкалар саны бірдей болуы қажет) Мысалы, «Анаға сәлем», «Арыс жағасында», «Ауылым» т.с.с., барлығы бес ән. Мектеп ұжымының мүшелеріне осы әндерді айта жүріп, бірдей ән салып тұрған адамдар бір топқа жиналуы сұралады. Ән салу барысында мұғалімдердің көңіл-күйі көтеріледі және бес жұмыс тобы құрылады. Топқа міндетті түрде көзқарастары әртүрлі адамдар жиналады, топтардың дұрыс құрылуын әндердің аты таратылғанда реттеуге болады.
І. Мектеп директоры кіріспе сөз сөйлейді.
Мектептегі оқытудың сапасының маңыздылығы және педкеңестің өткізілу мақсаты мен міндеттірі жайлы айтылады.
ІІ. Мектеп директорының орынбасарлары өз салалары бойынша мектептің жетістіктерінен мағлұмат береді:
-ұстаздардың сапалық құрамы:
шығармашалықпен жұмыс істейтіндер пайызы;
білім технологияларын кеңінен пайдаланатындар;
білім технологияларының элементтерін пайдаланатындар;
оқытудың талаптарын меңгермегендер;
тек «сабақ берушілер» пайызы;
талпыныспен жұмыс істейтіндер;
талабы жоқ ұстаздар пайызы;
- оқытудың білім технологияларының тиімді қолданылу сапасы;
- материалдық-техникалық базаның жағдайы;
- қосымша білімдердің(үйірмелер,таңдау курстары т.с.) оқытылу сапасы;
ІІІ. Педкеңестің тренинг бөлімі.
Мектептің педагог-психологі жұмыстың жүру Ережесімен таныстырады:
1. Қазір және бірге.
2. Белсенділік.
3. Еркіндік.
4. Әрбір ұжым мүшесінің қауіпсіздігі.
5. Қарым- қатынастың екіжақтылығы, міндетті түрде жауап алу.
6. Қарым-қатынастың ерекшелігі, жекешілігі.
7. Шыдамдылық пен сыйластық.
8. Қарым-қатынастың ашықтылығы, шыншылдығы, сенімділігі.
9. Қатып қалған көзқарастан аулақ болу, түсінуге және нақты баға беруге тырысу.
Педкеңес мүшелеріне 1 бет қағаздан таратылады және «мектеп бітірушісі қандай болу керек?»-дегендегі ең маңызды бір қасиетін жазу талабы қойылады. Біздің мақтанышымыз болатын, қазіргі заман талабына сай шәкірттерге қойылатын талаптар жазылуы қажеттілігі түсіндіріледі.
Содан кейін сөздер мазмұнына қарай топталады.( оқу, тәрбие, дамыту т.б,)
Тақтаға мектеп бітірушінің негізгі қасиеттері мазмұны жағынан жақын сөздері біріктіріліп, жинақталып категорияларымен жазылады.

Дені сау тәрбиелі

Жанжақты ақылды
дамыған

елжанды шыншыл

талантты әділетті

білімді еңбекқор

ойын еркін айтатын өз пікірі бар

ІУ. 9-11 сынып оқушыларынан алынған сауалнаманың қорытындысымен ұжым мүшелері таныстырылады.
Оқушылардың өздері туралы, ұстаздар туралы, мектеп туралы, жалпы білім беру туралы ой пікірлері төмендегідей:
Оқытудағы ең маңызды мәселелер:
-Мақсат қою;
-терең білім алу;
-тәрбие, тәртіп,жауакершілік;
-кәсіби деңгейі жоғары мамандар;
-қажетті оқыту құрал-жабдықтары;
-мұғалімдердің оқушылармен тіл табысуы;
-өзара қарым-қатынастар, өзара түсінушілік;
-қызықты, мазмұны жан жақты оқыту;
-кең көзқарас;
-Шебер мұғалім;
-оқыту сапасы;
-мұғалімдер ұжымы;
-арнайы жабдықталған пән кабинеттері, лаборатория, интернетке қосылу;
Тілектері-армандары:
-үлкен спорт залы, асхана;
-үлкен кітапхана, акті залы;
-интерактивтік тақта, интернет;
-Спорт секциялары, өнер сабақтары;
-дебат сабақтары;
-гуманитариалық бағыттағы сыныптар;
-стадион;
-терең білім;
-нағыз маман мұғалімдер;
-жабдықталған кабинеттер;
-қызықты үйірмелер, конференциялар;
-диспуттар, сайыстар, конференциялар;
-таланттарды іздеу;

Біздің шәкіртіміздің бойында болуы қажет қасиеттерді анықтадық, оқушылардың ой-пікірін, талаптарын, армандарын білеміз. Осы талап-тілектердің орындалу жолында оқу-тәрбие жұмысын қалай ұйымдастыру қажет екенін бірлесіп жоспарлау мәселесі қойылады.
Бұл жоспардын неден бастаймыз.
Ү.Қазіргі мектебіміздің жағдайына диагностика және анализ жасау:
-мықты жақтары; ішкі
-әлсіз жақтары; ресурстар
- мүмкіншіліктер; сыртқы
- қатерлер; ресурстар

Топпен жұмыс. Әрбір топ мүшелері ақылдаса отырып, мектептің жағдайына анализ жасайды, ой пікірлерін толық талдап жазуға уақыт беріледі.
Тақта төртке бөлініп дайындалады және топтпрдың айтқан ой пікірлері жазылады, қайталанып айтылған ой-пікірлер топтастырылады.

мықты жақтары әлсіз жақтары
-тәртіп
-оқушылардың тасымалдануы
-ұйымшыл ұжым
-семинарлар, педкеңестер
-ұстаздардың білімі -жиһаздар, оқу-құралдары
-асхана, спорт залы
-интернет
-мұғалімдер бөлмесі
-ата-аналардың немқұрайлығы, жауапсыздығы
мүмкіншіліктер қатерлер
-аудандық білім бөлімінің көмегі
-жергілікті әкімнің көмегі
-атаналардың демеушіліктері -Ойын-сауық орындары
-әртүрлі діни ағымдар
-наркотиктер

ҮІ. Әлсіз жақтар мен қатерлерді және мүмкіншіліктерді ескеріп концепция құру.
Әр топтағы мектеп ұжымының мүшелері ақылдаса отырып,әлсіз жақтар мен қатерлерді және мүмкіншіліктерді ескеріп оқыту сапасын көтеру концепциясын құрады.(топтық жұмыс)

ҮІІ. Стратегиялық жоспар құру.
Концепцияны жүзеге асырудың стратегиялық, сонан соң жедел мақсаттар жасалады. Әр топтың мүшелерінің ой-пікірлері тыңдалады және толықтырылып тақтаға жазылады.
ҮІІІ.Іс-әрекет бағдарламасын құру.
Ұжым мүшелерінен құрылған топтардың шығармашылық жұмысының арқасында алдыңғы уақыттарға келелі мәселе мен міндеттер құрылды.
Мектептің келелі мәселесі:
Мектебіміздің білім беру жүйесін заман талабына сай терең білім беруге қалыптастыру және жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Білім технологияларын жан-жақты талдау арқылы мектептің білім беру жүйесіне енгізу.
2. Оқу процессіне тереңдете оқыту бағдарламасын енгізу, сыныптарды бейінді оқытуға бағыттау арқылы оқушылардың білімін тереңдету.
3. Дарынды балаларды анықтап, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау.
4.Дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында дене шынықтыру сабақтарының өткізілу сапасын көтеру.
5. Оқушылардың білімін бағалауды жетілдіру, сынақ алудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру.
6. Тәрбие жұмысының жүйесін құру, балалар ұйымының жұмысына дұрыс басшылық жасау және ұйымдастыру.Бала тәрбиесіне ата-аналар кеңінен қатыстыруды ұйымдастыру.
7. Оқыту мен тәрбие жұмысында басқа да ұйымдармен байланысты жақсарту, бірлесіп жұмыс істеу.

ІХ.Қорытынды.
Осы қабылданған мәселелерді жүзеге асыру үшін оқу-тәрбие жоспары жан-жақты ойластырылып жасалады.
Бұл педкеңестің маңыздылығы әкімшіліктің нұсқауларымен емес, жаңашыл технологияны пайдалана отырып, ұжымның әрбір мүшесінің ой-пікірлерін қосқызу арқылы, талдау арқылы, оқытудың сапасын көтеруге қажетті іс-шараларды жоспарлау жүзеге асырылды. Бұл қабылданған келелі мәселе мен мақсат,міндеттер әрбір ұжым мүшесінің ойынан туындаған іс-шара. Сондықтан, бүкіл ұжым мүшелерінің өздеріне қойған талап-тілектері деп санаймыз.

Педкеңесті дайындап өткізгендер:
Батталова С.Т.-мектеп директоры
Атымтаева А.Ө-мектептің педагог-психологі

Дайындауға қатысқандар:
Смагулова С.М.-директордың әдістемелік орынбасары;
Байгавал Г.-директордың оқу жөніндегі орынбасары.
Бірлестік жетекшілері.
Категория: Мои статьи | Добавил: madam (06.Дек.2012)
Просмотров: 7117 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Кукольный спектакл
Календарь
счетчик

Copyright Mr_Ernar and Dastan_kaz © 2025